6 октября, 2025
Онкүндіктің ашылуы
Бүгін «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жаратылыстану- математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Онкүндіктің мақсаты – ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізу арқылы адалдықты, әділдікті, еңбекқорлықты, патриотизм мен ұйымшылдықты табиғат пен ғылымдарды оқыту барысында қалыптастыру. Оқушылар «АДАЛ» және «АЗАМАТ» сөздеріндегі әр әріптің мәнін ашып, адалдық, жауапкершілік, мейірімділік және Отанға деген сүйіспеншілік сияқты құндылықтардың маңызын түсіндірді.Онкүндіктің ұраны: «Білім арқылы – адалдық пен жауапкершілікке!». Салтанатты ашылу онкүндіктің жарқын бастамасы болып, оны білімге құштарлық, ынта, еңбекқорлық және өз елінің лайықты, адал азаматы болуға ұмтылыс.