Біздің instagram

Мектеп жаңалықтары

Жаңалықтар мұрағаты

Мамыргүл отырғызу

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №1 мектеп-интернатында игі, әрі маңызды бастама өтті.
Бүгін оқушылар мен педагогтер ортақ іске жұмылып, мектеп аумағына мамыргүл көшеттерін отырғызды. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, еліміздің таза әрі көрікті болашағына қосылған үлес.
Әр отырғызылған ағаш — табиғатқа деген қамқорлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және қоршаған ортаға жауапкершіліктің белгісі. Жақын арада мамыргүл гүлдеп, өзінің хош иісімен баршаға қуаныш сыйлап, осындай игі істердің маңызын еске салып тұратын болады.

Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

2026 жылғы 31 наурызда Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернат» КММ базасында «Инклюзивті және арнайы білім беруде түзете-дамыту кеңістігін қамтамасыз ететін жағдайларды құру» тақырыбында облыстық тәжірибеге бағытталған семинар өтті.
Семинарға құрметті қонақтар: балалар құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру жөніндегі бас маман А.Н. Карамбаева, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.С. Шакенева, ОПМПК жетекшісі А.Ж. Жунусова, ПМПК №1 жетекшісі С.А. Айтбаева, ПМПК №2 өкілі Л.Н. Оспанова, ОТППК жетекшісі Б.К. Сулейменова қатысты.
Сондай-ақ ауыл мектептері мен интернаттық мекемелердің мұғалімдері, дефектологтар, логопедтер қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін тиімді түзете-дамыту кеңістігін ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды. Семинар аясында келесі жұмыстар ұйымдастырылды: жаратылыстану, география, алгебра, орыс және қазақ тілдері пәндері бойынша ашық сабақтар мен түзету сабақтары, сондай-ақ есту қабылдауын дамыту және дыбыстауды қалыптастыру бойынша сабақтар;
«Көру қабілеті бұзылған баланың көзімен әлем» атты шеберлік сыныбы; пленарлық отырыс, оның барысында мамандар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, түзете-дамыту ортасын ұйымдастыру, баламалы коммуникация және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибелік жұмыстарын ұсынды; диалогтық ашық алаң, онда қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жағдай жасау, бейімделген бағдарламаларды әзірлеу және объективті бағалау жүйесі мәселелерін талқылады.

      Семинар инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу және тиімді практикаларды тарату үшін маңызды кәсіби алаң болды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің кәсіби қоржындарын жаңа идеялармен, әдістемелік шешімдермен және алдағы жұмыста қолдануға арналған практикалық құралдармен толықтыру мүмкіндігіне ие болды.

      Барлық қатысушыларға, спикерлерге және педагогтерге белсенді қатысқандары, кәсібиліктері және әрбір бала үшін сапалы білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!
Толығырақ

ЖИНАЛЫС

Мектепте «Баланың құқықтары, ата-ананың міндеттері. Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында балалардың құқықтарын сақтау, ата-аналардың олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі мәселелері қарастырылды. Көктемгі демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Мектеп әкімшілігі ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті ұсыныстар берді.
Осындай іс-шараларды өткізу ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Толығырақ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Мектебімізде 0–10 сынып оқушылары арасында жарқын әрі есте қаларлық Наурыз мерекесі өтті. Оқушылар түрлі іс-шараларға қатысып, ойын ойнап, ұлттық дәстүрлермен танысты. Мереке қуанышқа, жылулыққа және достыққа толы болды. Бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Толығырақ
Тулемисова Нурсауле Кайркеновна

Басшы

Хасанова Самал Хажмуратовна

басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Айгазинов Амангельды Тлектесович

басшының әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі орынбасары

Василенко Елена Николаевна

басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары