14 октября, 2026
«ЖЫЛ КІТАП-ЮБИЛЯРЛАРЫ» КІТАП КӨРМЕСІ-ШОЛУЫ
Гуманитарлық цикл онкүндігі аясында мектеп фойесінде «Жыл кітап-юбилярлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде оқушыларға орыс және шетел классикалық әдебиетінің беттері бойынша шолу-саяхаттар өткізіледі. Оқушылар белгілі жазушылардың шығармаларымен танысып, кітаптарды тамашалайды, үзінділерді дауыстап оқиды және оқығандары туралы өз әсерлерімен бөліседі.
Көрме оқушыларға әдебиет әлеміне бойлауға, ой-өрісін кеңейтуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және әлемдік мәдениетте елеулі із қалдырған шығармалармен танысуға.