28 февраля, 2024
ЖІГЕРЛІ ДАУЫС — 2024
15.02 — 27.02.24 аралығында Павлодар қаласының «Жігер» ҚДП МКҚК базасында «Жігерлі дауыс-2024» қалалық инклюзивті вокалдық байқауы өтті. Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 50 оқушысы қатысты. Олардың ішінде арнайы ұйымдардың жалғыз өкілі «№1 арнайы кешен балабақша — мектеп-интернаты» КММ-нің 2 «В» сыныбының оқушысы Лобач Кирилл болды.
Байқау 2 кезеңнен: іріктеу және финалдан тұрды. Әр кезеңде жаңа ән орындалды. Кирилл барлық конкурстық күндерде өте лайықты өнер көрсетті. Толқу мен эмоция басымдық танытса да, бірақ Кирилл оны жеңе білді. Нәтижесіндегі орын қандай, Құрметті III орын!. Бұл Кириллдің, оның жетекшісі музыка және ритмика мұғалімі Н.В. Шаповалованың және №1 мектеп-интернаттың үлкен жеңісі.