16 октября, 2025
Үстел теннис
15 қазан күні жаралыстану- математика циклінің әдістемелік бірлестік бағдарламасы бойынша үстел теннисінен жарыс өтті. Бұл турнир Үстел теннисі орталығында өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналды.Жарысқа оқушылармен қатар алдыңғы жылдардың түлектері де қатысты. Жас айырмашылығына қарамастан, қатысушылар жақсы ойын мен жоғары нәтиже көрсетті. Мұндай шараларда ұрпақ сабақтастығының сақталуы- ерекше құндылық. Чемпиондар: аға спортшылар Краснощеков Данил мен Досымханова Сания. Жүлдегерлер қатарында Рахымтай Берік, Қахарман Алдияр, Платонова София және Коханова Милена.