World Inclusion Congress 2025 / Алматы
Павлодар облысы делегациясының құрамында №1 мектеп-интернатының басшысы Түлемісова Нұрсәуле Қайыркенқызы Swissotel Wellness Resort Alatau Алматы қаласындағы өткен инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгреске қатысты.
Конгресс аясында инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға 50-ден астам елдің өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, спикерлер мен сарапшылар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қатысты. Олар инклюзия саласындағы өз идеяларымен, тәжірибесімен және табысты практикаларымен бөлісті.
Конгресс барысында сөз сөйлеген жетекші практиктердің қатарында – Қазақстанда арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға зор үлес қосқан дефектология факультетінің негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «САТР орталығы» ЖШС директоры Сүлейменова Роза Айтжанқызы болды.
Осындай халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен үздік тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Конгресс соңында бұл шараның мәресі емес, инклюзивті қоғам құру жолындағы жаңа кезеңнің бастауы екені атап өтілді. Қабылданған Алматы декларациясы мектептерде, отбасыларда және қауымдастықтарда оң өзгерістер жасауға бағытталған практикалық бағдар болмақ.
Бұл Конгресс әрбір баланың игілігі үшін жаңа жобаларға, ынтымақтастыққа және нақты әрекеттерге бастау болсын.