13 февраля, 2026
Республикалық референдум
Қазақстанда 15 наурызда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Референдумның Орталық комиссиясы отырыс өткізіп, референдумды дайындау және өткізуге қатысты бірқатар мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, азаматтардың тізімдерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ үгіт-насихат жүргізу тәртібі талқыланды. Науқан 32 күнге созылады. Ел бойынша, оның ішінде шетелде де 10 мыңнан астам учаске ашылады.