ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
2026 жылғы 31 наурызда Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернат» КММ базасында «Инклюзивті және арнайы білім беруде түзете-дамыту кеңістігін қамтамасыз ететін жағдайларды құру» тақырыбында облыстық тәжірибеге бағытталған семинар өтті.
Семинарға құрметті қонақтар: балалар құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру жөніндегі бас маман А.Н. Карамбаева, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.С. Шакенева, ОПМПК жетекшісі А.Ж. Жунусова, ПМПК №1 жетекшісі С.А. Айтбаева, ПМПК №2 өкілі Л.Н. Оспанова, ОТППК жетекшісі Б.К. Сулейменова қатысты.
Сондай-ақ ауыл мектептері мен интернаттық мекемелердің мұғалімдері, дефектологтар, логопедтер қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін тиімді түзете-дамыту кеңістігін ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды. Семинар аясында келесі жұмыстар ұйымдастырылды: жаратылыстану, география, алгебра, орыс және қазақ тілдері пәндері бойынша ашық сабақтар мен түзету сабақтары, сондай-ақ есту қабылдауын дамыту және дыбыстауды қалыптастыру бойынша сабақтар;
«Көру қабілеті бұзылған баланың көзімен әлем» атты шеберлік сыныбы; пленарлық отырыс, оның барысында мамандар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, түзете-дамыту ортасын ұйымдастыру, баламалы коммуникация және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибелік жұмыстарын ұсынды; диалогтық ашық алаң, онда қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жағдай жасау, бейімделген бағдарламаларды әзірлеу және объективті бағалау жүйесі мәселелерін талқылады.
Семинар инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу және тиімді практикаларды тарату үшін маңызды кәсіби алаң болды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің кәсіби қоржындарын жаңа идеялармен, әдістемелік шешімдермен және алдағы жұмыста қолдануға арналған практикалық құралдармен толықтыру мүмкіндігіне ие болды.
Барлық қатысушыларға, спикерлерге және педагогтерге белсенді қатысқандары, кәсібиліктері және әрбір бала үшін сапалы білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!