Астанаға экскурсия!
2025 жылдың 10–12 қарашасы аралығында «№1 Арнайы кешен балабақша-мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушілерінің 30 оқушысы елордамызда ұмытылмас күндер өткізді.
Осы уақыт ішінде балалар келесі орындарды: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейін, Тәуелсіздік сарайын, «Астана-Бәйтерек» кешенін, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Айлин» АӘО — Океанариум және Шолу дөңгелегін, сондай-ақ Астанаға кешкі экскурсияны тамашалады.
Екінші күні балалар «Бурабай» ұлттық паркіне жол тартты. Онда олар:
Бақалшық, Абылай хан алаңы, Абылай хан мұражайы, Табиғаттың интерактивті мұражайы сияқты көрікті жерлерді көрді.
Барлық балалар эмоцияларға толы, жаңа біліммен және зор шабытпен оралды. Олардың қуанышы — бұл сапардың қаншалықты маңызды болғанының ең жақсы дәлелі.
Сапарды ұйымдастырғаны үшін «Құлыншақ» балалар қайырымдылық қорына, сондай-ақ балаларды қолдап, осындай үлкен де игі істің жүзеге асуына себепкер болған «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-не шын жүректен алғыс айтамыз.
Балаларымызға көрсеткен қамқорлықтарыңыз, назарларыңыз және сенімдеріңіз үшін үлкен рақмет!