16 апреля, 2026
Мамыргүл отырғызу
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №1 мектеп-интернатында игі, әрі маңызды бастама өтті.
Бүгін оқушылар мен педагогтер ортақ іске жұмылып, мектеп аумағына мамыргүл көшеттерін отырғызды. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, еліміздің таза әрі көрікті болашағына қосылған үлес.
Әр отырғызылған ағаш — табиғатқа деген қамқорлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және қоршаған ортаға жауапкершіліктің белгісі. Жақын арада мамыргүл гүлдеп, өзінің хош иісімен баршаға қуаныш сыйлап, осындай игі істердің маңызын еске салып тұратын болады.