13 ноября, 2025
«Тенге- тәуелсіздіктің тірегі»
4а және 4б сыныптарында «Тенге- тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбына сынып сағаты өтті. Оқушылар ұлттық валюта тарихы, оның маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтті, сондай-ақ теңге мемлекеттің тәуелсіздігінің маңызды символдарының бірі ретінде қалыптасу жолын да зерттеді. Викторинаға белсене қатысып , ұлттық валютаның әрбір азаматтың өміріндегі рөлін талқылады.