15 января, 2026
ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ
Оқу үдерісі қашықтан форматта өтіп жатқан уақытта, біздің педагогтар мен тәрбиешілерден құралған командамыз біртұтас ұжым ретінде жұмыс істеуде.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептің мұғалімдері ым-ишара тілін жетілдіруді жалғастырып, жаңа тақырыптар мен сөздерді меңгеруде. Мұның барлығы — әрбір оқушы үшін білімді барынша қолжетімді, әрі түсінікті ету мақсатында атқарылуда.
Педагогтердің кәсіби дамуы — балалардың табысты дамуына, өзіне сенімді қарым-қатынас жасауына және сапалы білім алуына қосылған тікелей үлес. Біз оқушыларымызға жақын болу және олармен бір тілде сөйлесу үшін үнемі дамып келеміз.